Тәрбие жұмысы

08.11.2018.ж Ә.Кекілбайұлы атындағы орта мектептің директорының оқу ісі жөніндегі  орынбасары Сүндет Әлияның ұйымдастыруымен Зерде республикалық ғылыми жоба конкурсының мектепшілік кезеңі өтті.Жобаға он екі оқушы қатысты.Оқушылар жүлделі орындарға ие болып,жұмыстары аудандық ғылыми жоба конкурсына қатысатын болды.

Ә.Кекілбайұлы атындағы мектебінің директордың бейіндік жөніндегі орынбасары Сүндет Әлия мұғалімдерді аттестациялаудың жаңа форматы жайында таныстырды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы Үздік педогог атағын Маңғыстау ауданы,Онды ауылындағы Әбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Күнімкүл Аманқосқызы Саржанова жеңіп алды.Ә.Кекілбайұлы атындағы орта мектебінде күнде таңертең оқушыларға дене жаттығулары жасалады. 

Ә.Кекілбайұлы атындағы орта мектебінде 19-30 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күніне арналған Бала құқығы — адам құқығы атты онкүндік аясында жоспар жасақталды. Жоспар бойынша тәрбиелік шаралар өткізілді.

Бала құқығы туралы жоғары сынып оқушыларымен Маңғыстау аудандық мәслихат депутаты Қ.Манаш және қоғам белсендісі, блогер Ж.Қожықпен кездесу ұйымдастырылды. 

26.11.2018 күні мектепшілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп инспекторы Ш.Нұралыұлы,қамқоршылық кеңестің төрағасы Ш.Дәуітбаев, ата-аналар комитетінің төрағасы Б.Ерғазиев қатысты. 

Қараша айында мектепшілік күз мерекесіне арналған «Ғажайып күз» атты сайыс өткізілді.

Қараша айында «Салауатты өмір салтын ұстан!» ұранымен оқушылар арасында шара ұйымдастырылды.

1 желтоқсан Президент күні мерекесіне орай «Менің тұңғыш президентім» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. 

Қазан айында ұстаздар күні мерекесіне орай «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға» тақырыбында мерекелік кеш, «Мерекеңмен,ұстазым!» атты мұғалімдер арасында спорттық сайыс өткізілді.

Ә.Кекілбайұлы атындағы орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Анаргүл Түзелбаеваның 7-сыныпқа «Деформация.Серпімділік күші.Гук заңы тақырыбында қалыптан тыс сабағы.

2018 жылғы 5 желтоқсанда Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының тапсырмасымен ҚХА Ғылыми-сарапшылық топ өкілдері Онды ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Бұл шараның басты мақсаты үстіміздегі жылдың 21 қарашасында жарияланған ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бойынша түсініктемелік ақпарат беру және осы бағытта жоспарланып отырған басымдықтармен таныстыру.Кездесу барысында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттәк технологиялар мен инжиниринг университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Э.А.Абланова және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі,мәдениеттану ғылымдарының кандидаты А.И.Мамбетова тақырып аясында баяндамалар оқып,жұртшылықтың сұрақтарына жауап берді.


Мектебімізде Ә.Кекілбайұлы атамыздың туылған күніне орай «Әбіш әлеміне саяхат. Туған жер-киесі,Дархан дарын-иесі» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Ә.Кекілбайұлы атындағы орта мектебінде тәуелсіздік мерекесіне арналған Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.

 

Мектебімізде АӘД пәні бағытында оқушылар арасында «Жарысқа шық Жасұлан» атты шағын жарыс өтті.