Мектептің жаналықтары

Бердеш Біржан www.IQcenter.kz интеллектуалды білім порталы мен Республикалық «Ұлан» басылымының ұйымдастыруымен өткен жалпы республикалық шығармашылық байқауға қатысып «Берекелі күз » атты номинациясы бойынша үздік деп танылған. Жетекшісі: Жақсығалиева Роза

08.11.2018.ж Ә.Кекілбайұлы атындағы орта мектептің директорының оқу ісі жөніндегі  орынбасары Сүндет Әлияның ұйымдастыруымен Зерде республикалық ғылыми жоба конкурсының мектепшілік кезеңі өтті.Жобаға он екі оқушы қатысты.Оқушылар жүлделі орындарға ие болып,жұмыстары аудандық ғылыми жоба конкурсына қатысатын болды.

Ә.Кекілбайұлы атындағы мектебінің директордың бейіндік жөніндегі орынбасары Сүндет Әлия мұғалімдерді аттестациялаудың жаңа форматы жайында таныстырды.

«Тəуелсіз ел жастары»қоғамдық қорының бастамасымен білім берудің жаңа жүйесіне сай шəкірттердің ойлау қабілеті мен жазу сауаттылығын арттыру жəне осы салада қажырлы еңбек етіп келе жатқан ұстаздардың мəртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылған «Ардақты ұстазым»атты Республикалық эссе жазу сайысына дарынды да, талантты шəкірттер дайындағаны үшін Əбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жаксыгалиева Роза Алғыс хатпен марапатталды.
 
«Тəуелсіз ел» қоғамдық қорының білім берудің жаңа жүйесіне сай шəкірттердің ойлау қабілеті мен жазу сауаттылығын арттыру  жəне ұстаз мəртебесін көтеру мақсатында  ұйымдастырылған «Ардақты ұстазым»атты Республикалық эссе жазу сайысында шығармашылығымен,
дарындылығымен ерекше көзге түскен Əбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектептің шəкірттері: Спанов Заңғар мен Ерғазы Бибі l дəрежелі дипломдармен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы Үздік педогог атағын Маңғыстау ауданы,Онды ауылындағы Әбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Күнімкүл Аманқосқызы Саржанова жеңіп алды.
 
 
Ә.Кекілбайұлы атындағы орта мектебінде күнде таңертең оқушыларға дене жаттығулары жасалады. 
 
Ә.Кекілбайұлы атындағы орта мектебінде 19-30 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күніне арналған Бала құқығы — адам құқығы атты онкүндік аясында жоспар жасақталды. Жоспар бойынша тәрбиелік шаралар өткізілді.
 
Бала құқығы туралы жоғары сынып оқушыларымен Маңғыстау аудандық мәслихат депутаты Қ.Манаш және қоғам белсендісі, блогер Ж.Қожықпен кездесу ұйымдастырылды. 
 
26.11.2018 күні мектепшілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп инспекторы Ш.Нұралыұлы,қамқоршылық кеңестің төрағасы Ш.Дәуітбаев, ата-аналар комитетінің төрағасы Б.Ерғазиев қатысты.
 
 
Қараша айында мектепшілік күз мерекесіне арналған «Ғажайып күз» атты сайыс өткізілді.
 
Қараша айында «Салауатты өмір салтын ұстан!» ұранымен оқушылар арасында шара ұйымдастырылды.
 
1 желтоқсан Президент күні мерекесіне орай «Менің тұңғыш президентім» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
 
 
Қазан айында ұстаздар күні мерекесіне орай «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға» тақырыбында мерекелік кеш, «Мерекеңмен,ұстазым!» атты мұғалімдер арасында спорттық сайыс өткізілді.
 
Ә.Кекілбайұлы атындағы орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Анаргүл Түзелбаеваның 7-сыныпқа «Деформация.Серпімділік күші.Гук заңы тақырыбында қалыптан тыс сабағы.
 
2018 жылғы 5 желтоқсанда Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының тапсырмасымен ҚХА Ғылыми-сарапшылық топ өкілдері Онды ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Бұл шараның басты мақсаты үстіміздегі жылдың 21 қарашасында жарияланған ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бойынша түсініктемелік ақпарат беру және осы бағытта жоспарланып отырған басымдықтармен таныстыру.Кездесу барысында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттәк технологиялар мен инжиниринг университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Э.А.Абланова және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі,мәдениеттану ғылымдарының кандидаты А.И.Мамбетова тақырып аясында баяндамалар оқып,жұртшылықтың сұрақтарына жауап берді.

Маңғыстау аудандық қазынашылық басқармасының 19.12.2018 жылғы № 341 хатына сәйкес «Ә.Кекілбайұлы атындағы орта мектеп мемлекеттік мекемесінде заңды түрде арнайы шот ашылғандығын хабарлаймыз!
«Ә.Кекілбайұлы атындағы орта мектеп ММ KZ430704034642798001 kod 4642798


«Жайдарлы жас ұлан» Рухани Жаңғыру аясында өткізілген жарыстан Аудан бойынша,Облыс бойынша 1-ші орын алған «Әбіш серілері» жайдарман тобы марапатталды.
Ә.Кекілбайұлы атындағы орта мектеп «Ең үздік мектеп» кубогына лайық деп танылды!